365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин Альвареспен реванш өткізгеннен кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты

  • 346
  • UPD: 14:27, 09.07.2018
Головкин Альвареспен реванш өткізгеннен кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты Eurosport

Головкин Альвареспен реванш өткізгеннен кейін кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлады Vesti.kz.

«Келесі кіммен жұдырықтасқым келеді дейсіз бе? Менің ойымша, бұл сұрақты менің промоутерім Том Леффлерге қою керек. Менің талабым көп. Менің ойымша, WBC-де өз үміткері бар Чарло, WBA – Мурат. Қазіргі таңда Сондерс болуы мүмкін. Неге болмасқа? Мен барлық белдікті алғым келеді. Менің мақсатым – барлық белдік», – деп келтірді Головкиннің сөзін boxingscene.com.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Головкин АҚШ-тағы жаттығуларын бастады. Мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Осы категория бойынша: « Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жаңа салмақ дәрежелерін бекітті Головкин UFC 226 турнирін тамашалады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы