374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

  • 255
  • UPD: 12:18, 09.07.2018
Қазақ спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды vesti.kz

Қазақ спортшысы Айдар Махметов джиу-джитсудан Мәскеуде өткен АСВ аясындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Бұл туралы спортшы facebook желісіндегі парақшасында жазды.

– Көп күттірген алтын жүлдеге ақыры қол жеткіздім. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қызылкүрең белбеу иегерлері арасындағы шеберлер дивизионында (36-40 жас) сайысқа түстім. Үш белдесу – үш жеңіс: ресейлік, армян және финалда ирандықты жеңдім. Досым Мұрат Бермұхамбетов те өзге санатта қола жүлдегер атанды. Ризамын, –  деп жазды спортшы.

АСВ JJ WORLD CHAMPIONSHIP GI 2018 жарысы ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында да өз жеңімпаздарын анықтады. 9 татамиде болған бәсекеде бразилиялық білікті төрешілер қазылық жасады.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « GGG: Нағыз көше төбелесі болады ӘЧ-2018: FIFA іріктеген төреші өмір бойына футболдан шеттелді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы