369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: FIFA іріктеген төреші өмір бойына футболдан шеттелді

  • 446
ӘЧ-2018: FIFA іріктеген төреші өмір бойына футболдан шеттелді tbays.org

Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына арнайы іріктеліп алынған кениялық арбитр Айден Рэндж Марва жемқорлық үшін өмір бойына футболдан шеттелді, – деп хабарлайды америкалық футбол конфедерациясы (CAF).

Марва мундиальға бас төрешінің көмекшісі ретінде қатысу керек болатын, бірақ пара алу күдігіне байланысты ол турнирге бармай қалды.

Кениялық арбитр деректі фильмде африкалық құрлықтық турнир кезінде 600 доллар көлемінде пара алып жатқаны көрініп қалған. Бұл көріністі ганалық журналист Анас Аремеяв Анас түсіріп алған. Фильм BBC Africa арнасынан көрсетілді.

Сонымен қатар FIFA Марва мен фильмде көрсетілген басқа да тұлғалардың ісін тергеу және сот органдарына бергенін мәлімдеді. Ұйым мұндай оқиға болғаны дәлелденсе, қатаң жазалар қолданылатынын атап өтті.

Марва – FIFA дайындығынан өтіп, Ресейдегі чемпионатқа іріктелген жүз төрешінің ішінде жемқорлыққа қатысы бар екінші адам. Мұның алдында Сауд Арабиясының Футбол федерациясы ұлттық кубок финалында жеңіске жету үшін командадан пара талап еткен Фахад Әл-Мирдасиді футболдан шеттеті.

Марва мен Әл-Мирдаси 2017 жылы Ресейдегі конфедерация кубогында қызмет еткен. Сондай-ақ кениялық арбитр 2014 жылы Бразилияда өткен чемпионатта қосымша төреші болған. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Қазақ спортшысы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы