365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» черногориялық команданы жеңді

  • 211
  • UPD: 11:50, 12.07.2018

«Астана» футболшылары үшін УЕФА чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңі сәтті басталды.

Елордалық команда өз алаңында черногориялық «Сутьеска» клубын қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Жалғыз голды 29-шы минутта алаң иелері сапынан Роман Мұртазаев соқты. Ол 11 метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ. Ойын соңындағы баспасөз мәслихатында  қос команданың бапкері де ойынға көңілдері толатынын жеткізді. Қос команда арасындағы қарымта матч  18-ші шілде күні Черногоряның НИк-шич қаласында өтеді.

Роман Григорчук, «Астана» ФК бас бапкері:

- Матч барысында есепті еселейтін бірнеше мүмкіндік болды. Бірақ қалай болғанда  да, жеңістің аты жеңіс. Сондықтан футболшыларға алғыс білдіремін. Әрине кейбір өрескел қателіктер де болды. Біз оны түзеуге тырысамыз. Әсіресе алдыңғы шепті күшейтіп, өткір шабуылдарды голға айналдырып үйренуіміз керек. 

Никола Ракоеви, «Сутьеска» ФК бас бапкері:

- «Астана» бізден әлдеқайда тәжірибелі команда. Сондқытан олардың жеңіске жетінін барлығы білді. Біздің 1:0 деген есеп қуантады, яғни қарымта матчта жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтуге үміт бар. Енді аладағы 7 күн бойы тынымсыз жаттығу жүргіземіз.

Осы категория бойынша: « ӘЧ-2018: Хорватия финалда Франциямен кездеседі «Алтай» клубаралық Азия чемпионатын жеңіспен бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы