374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жас теннисшілер арасында үздіктер анықталды

  • 153
  • UPD: 16:47, 13.07.2018
Алматыда жас теннисшілер арасында үздіктер анықталды

Алматыда он жасқа дейінгі балалар арасындағы теннистен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Қорытынды кезеңде Заңғар Нұрланұлы мен Тимур Гусейнов бақ сынады. Заңғар қарсыласына жасаған қарымта соққылары нәтижесінде үздік атанды. Есеп – 4.0.

Айта кетейік, жас теннисші – жақында спорт алаңының ашылуына қатысып, Елбасының батасын алған балдырғанның бірі. «Бұл кездесу мені жігерлендірді», – дейді теннсші. Заңғар жас болса да спорттық жарыстарда өз қатарлары арасында көш бастап келеді. Қазір енді жасы үлкен теннисшілермен сайысқа түсіп жүр.

Заңғар Нұрланұлы, жарыс жеңімпазы:

- Маған ойын қатты ұнады. Тек жеңіл келген допты қайтару кезінде қателіктер кетті. Бұдан былай ондай қателіктерге жол бермеуге тырысамын. Мен әлем чемпионы болғым келеді. Арманым – әлемнің бірінші ракеткасы атағын алу. Үздік кубоктарды иеленгім келеді.

Осы категория бойынша: « «Қайрат» андорралық командадан басым түсті Ақтауда шахматтан балалар арасында ашық турнир аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы