374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда шахматтан балалар арасында ашық турнир аяқталды

  • 198
  • UPD: 17:59, 13.07.2018
Ақтауда шахматтан балалар арасында ашық турнир аяқталды

Лазар Елмұханбетов мемориалы атындағы жарыста барлық өңірлерден келген 160-тан аса жеткіншек бағын сынады. Жалпыкомандалық есеп бойынша 1-орынды астаналық оқушылар еншіледі. 2-орын ақтөбеліктерге бұйырды. Ал маңғыстаулық жеткіншектер 3-орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова қатысты. Шахматтан әлем чемпионы турнир алдында қатысушылар үшін шеберлік сабағын өткізген еді. 

Динара Сәдуақасова, халықаралық гроссмейстер:

- Шахматтан балалар арасындағы республикалық турнир Ақтауда алғаш рет өтті. Ақыл-ойды ұштайтын спорт жарысына мектеп оқушыларының жоғары дайындықпен келгені байқалып тұрды. Олардың қатарында жас ерекшелігіне қарай әлем, Азия чемпиондарының көптігі қуантады. Каспий жағасындағы қалада мұндай жарыстардың жалғаса беруіне тілектеспін.

Анвар Шайхымов, жарысты ұйымдастырушы:

- Бұл турнирдің басты ерекшелігі деп ақтаулық оқушылардың Әзербайжан елінің Кусары қаласының балаларымен онлайн кездесуін айтуға болады. 6/6 үлгіде өткен сайыста шахматшылар тең түсті. Келешекте мұндай сайыстарды жиі өткізуді жоспарлап отырмыз.

Осы категория бойынша: « Алматыда жас теннисшілер арасында үздіктер анықталды Астанадағы үстел теннисі фестивалінде мыңнан астам спортшы бақ сынайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы