365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы үстел теннисі фестивалінде мыңнан астам спортшы бақ сынайды

  • 211
  • UPD: 21:49, 13.07.2018
Астанадағы үстел теннисі фестивалінде мыңнан астам спортшы бақ сынайды

Ертең Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында үстел теннисінен фестиваль басталады.

Дәстүрлі халықаралық жарысқа елімізден бөлек Өзбекстан мен Ресейден де спортшылар келді. 1000-нан астам теннисші екі күн бойы жекелей, жұптық және командалық сында сайысқа түседі. Әуесқойлар мен ардагерлердің басын қосқан фестивальге 70 кәсіби теннисші де қатысады. Қазір «Алау» спорт сарайында 100 теннис үстелі құрылды. Ертең жұптық және командалық жарыстар өтеді. Жексенбі күні жекелей сында кәсіпқойлар, әуесқойлар, ардагерлер, жасөспірімдер және мүмкіндігі шектеулі жандар жарысқа шығады. Бүгін ұйымдастырушылар іс-шара жайын сөз етіп, үстел теннисінің бұқаралық даму жағдайына тоқталды.

Данил Пак, ҚР Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы:

- Біз үстел теннисін бұқаралық деңгейде дамытуды көздейміз. Сол арқылы бұл спорттың кәсіби деңгейі де өседі. Саннан сапа пайда болады. Бұл турнир 2013 жылдан бері өтіп келеді. Содан бері үстел теннисін жақсы көретін көпшіліктің асыға тосатын бәсекесіне айналды. Осы фестивальге халықаралық талаптарға жауап беретін арнайы 30 кәсіби теннис үстелін сатып алдық. «Алауда» тағы 70 үстел бар.

Осы категория бойынша: « Ақтауда шахматтан балалар арасында ашық турнир аяқталды Азия кубогына 17 қазақстандық дзюдошы қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы