374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астанаға» бразилиялық футболшы ауысуы мүмкін

  • 150
«Астанаға» бразилиялық футболшы ауысуы мүмкін Prosports.kz

Елордалық «Астананың» сапын бразилиялық футболшы толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грекиялық ПАОК клубының ойыншысы Педро Энрике жуық арада елордалық командаға ауысуы мүмкін. Белгілі болғандай, 28 жастағы жартылай қорғаушы «Астанамен» келіссөз жүргізіп жатыр. Бразилиялық футболшы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнап, біраз тәжірибе жинақтаған.

Айта кетейік, Педро Энрике грекиялық ПАОК командасына тиесілі. Өткен маусымды әзербайжандық «Карабах» клубында жалда өткізген. Әзербайжандық команда сапында 19 ойынға қатысып, 3 гол соққан. Бразилиялық футболшының мансабында бұлардан бөлек швейцариялық «Цюрих» және франциялық «Рен» секілді командалар болған.

Осы категория бойынша: « Келесі әлем чемпионатына баруы мүмкін ең егде футбол жұлдыздары кімдер? Қазақстандық жеңіл атлет допингпен ұсталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы