374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бельгия құрамасы әлем чемпионатында үшінші орынды жеңіп алды

  • 198
  • UPD: 22:45, 14.07.2018
Бельгия құрамасы әлем чемпионатында үшінші орынды жеңіп алды

Бельгия құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатында үшінші орын үшін болған тартыста Англия құрамасын жеңді.

Ойын «Санкт-Петербург» стадионында өтті және 2: 0 есебімен аяқталды.

Бельгия қақпашысы Тибо Куртуа өз қақпасы аумағынан алаңның орта шебінде жүрген Насер Шадлиге пас тастады. Ол да ағылшындар қақпасы маңындағы Тома Мёньеге бағыттады. Менье гол соғып,  бірінші тайм 1:0 есебімен аяқталды.

Соңғы нүктені Тома Менье қоюы тиіс болатын. Дегенмен оның 20 метрдей жерден тепкен добын Англия қақпашысы Джордан Пикфорд қайтарды. Дегенмен ол 82-минутта өзімен бетпе-бет шыққан Эден Азарға тосқауыл бола алмады.

Осылайша Бельгия өз тарихында тұңғыш рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Бұған дейінгі олардың аталмыш доп додасындағы ең жоғары жетістігі - 1986 жылғы әлем біріншілігінде төртінші орын алуы.

Бельгия – Англия - 2:0

Голдар: Томас Менье(4), Эден Азар(82).

 

Бас төреші: Алиреза Фагани (Кашмар, Иран).

Осы категория бойынша: « Петропавлда дүние жүзінен келген қазақтар арасында шағын футбол жарысы өтті Астанада спортшылар жамбы ату мен теңге ілуден өзара мықтыны анықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы