365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннисші жарыста Неймардың әрекетін қайталап, жұртты күлкіге қарық қылды

  • 174

Швециялық теннисші Йонас Бьоркман Уимблдон жарысы барысында жұптық кездесуде көрерменнің көңілін бір сергітті.

Серіктесінен соққы алған ол Неймардың симуляциясын қайталады. Бразилиялық футболшы ӘЧ-2018 жарысы барысында осы әдісімен ұятқа қалған еді. Теннисші газонның үстінде аунап, жарақатының тым ауыр екенін көрсеткісі келді. 

Басқа да қатысушылар абдырап қалмай, бірден мини-спектакльге араласа кетті. Шведтің қарсыласы тордың үстінен өтіп, көмек шақыра бастады, содан кейін ол зардап шеккен спортшыға қолдан дем алдыру әдісін жасамақшы болды. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы