374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Қола жүлдегер атанған Бельгияның қақпашысы «Реалға» ауысуы мүмкін

  • 225
ӘЧ-2018: Қола жүлдегер атанған Бельгияның қақпашысы «Реалға» ауысуы мүмкін vesti.kz

«Челси» клубының және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа мадридтік «Реалға» ауысу мүмкін екенін жасырмады.

Бельгиялықтың келісімшарты 2019 жылы жазда аяқталады, – деп хабарлайды «Чемпионат». 

«Қандай нұсқалар бары жайында агентіммен сөйлесіп көремін. «Челсиде» қала беруім де мүмкін. Адамдар әрдайым футболшылардың келісімшарттың шарттарын толық орындамайтынын айтып жатады, алайда барлығы емес қой. Маған Лондон ұнайды. Мен секілді тәжірибесі бар ойыншыны қосалқы ойыншылар қатарына қосып қояды деп ойламаймын. «Реалға» ауысуым мүмкін бе? Әрине мүмкін», – деп жазады Marca Куртуаның сөзін.

Осыған дейін «Реал» клубының әкімшілігі Куртуаны алу үшін қақпашы Кейлор Наваспен қош айтысатыны жайлы айтқан еді. Мадридтік клуб 26 жастағы бельгиялық үшін 35 миллион еуро төлейтіндерін де жасырмаған.

Осы маусымда Куртуа барлық турнирлерде «Челси» үшін 47 ойын өткізді. Құрама сапында Куртуа әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды Қазақстан каратэшілері Азия чемпионатынан үш қола жеңіп алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы