366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мэнни Пакьяо аргентиналық Маттиссені нокаутпен жеңді

  • 151
  • UPD: 19:16, 15.07.2018
Мэнни Пакьяо аргентиналық Маттиссені нокаутпен жеңді

Сегіз салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы филиппиндік Мэнни Пакьяо жартылай орта салмақта WBA (regular) чемпиондық титулын жеңіп алды.

Куала-Лумпурде өткен жекпе-жекте филиппиндік боксшы қарсыласы аргентиналық Лукас Матиссенді жетінші раундта техникалық нокаутқа түсірді. Осылайша Пакьяо бір жылдық үзілістен соң шаршы алаңға жеңіспен оралды.

39 жастағы боксшы мансабындағы осымен 60-кездесуін өткізді. Оның жетуінде жеңіліс тауып, екеуінде тең түскен. Сондай-ақ Пакьяо бұл жолы 2009 жылдан бері жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен.

Ал Лукас Маттиссе болса бесінші рет жеңіліске ұшырады. Ол мансабында 39 жекпе-жекте ұтқан.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы