367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем біріншілігінің ең үздік ойыншылары анықталды

  • 235
  • UPD: 13:42, 16.07.2018
Әлем біріншілігінің ең үздік ойыншылары анықталды Eurosport

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы әрі команда капитаны Лука Модрич Ресейде өткен әлем біріншілігінің ең үздік ойыншысы атанды. 

Жеті ойында екі гол салып, командаластарын рухтандырған «Реал» ойыншысы «Алтын доп» иегері атанды. «Күміс допты» Бельгия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Эден Азар алды (алты ойында үш гол), «Қола медаль» – франциялық сұрмерген Антуан Гризманнға бұйырды (жеті ойында төрт гол). 

Жарыстағы ең үздік жас ойыншы атағына Франция құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Киллиан Мбаппе лайықты деп танылды. ӘЧ-2018 жарысының үздік қақпашысы атағын Бельгия құрамасының ойыншысы Тибо Куртуа алды. 

Әлем біріншілігінің финалы Мәскеудің «Лужники» стадионында өтті. Франция Хорватия құрамасын 4:2 есебімен жеңді.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Осы категория бойынша: « Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі әлем чемпионаты жайлы пікір білдірді Аргентина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы