369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аргентина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

  • 239
  • UPD: 14:23, 16.07.2018
Аргентина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Аргентинаның бас бапкері өз қызметінен кетті.

Өйткені Хорхе Сампаоли бастаған жігіттер Ресейдегі аладоп аламанында басты фавориттердің бірі саналған. Бірақ плей-офф кезеңінен әрі аса алмады. Айтпақшы, оларды ширек финалға жібермеген Франция құрамасы болатын. Бірақ Хорхе Сампаоли мен жергілікті футбол қауымдастығы арасындағы келісімнің үзілуіне нақты не себеп болғаны белгісіз. Белгілісі, ол 2022 жылға дейін Аргентина құрамасын жаттықтыруы керек болатын және келісімнің уақытынан бұрын тоқтатылғаны үшін 58 жастағы бапкер миллиондаған доллар өтемақы алуы тиіс.

Айта кетейік, Хорхе Сампаоли бұл қызметке 2017 жылдың маусымында тағайындалды.

Осы категория бойынша: « Әлем біріншілігінің ең үздік ойыншылары анықталды «Ювентустың» стадионына келген Роналдуды мыңдаған жанкүйер қарсы алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы