374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ өкілдері арасындағы турнирде «Хабар» арнасының футбол командасы топ жарды

  • 476
БАҚ өкілдері арасындағы турнирде «Хабар» арнасының футбол командасы топ жарды

«Хабар» арнасының футбол командасы БАҚ өкілдері арасындағы турнирде жеңіске жетті.

Астананың 20 жылдығына арналған бәсеке өткен сенбіде ұйымдастырылған еді. «Хабарлық» әріптестеріміз барлық қарсыласынан басым түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. Әсіресе, финалдық сында жігіттер асқан табандылық танытып, есе жіберіп жатқан жерінен «Қазақпарат» командасынан басым түсті. Қорытынды есеп – 4:3. Ал турнирдің «үздік қақпашысы» атағы «Хабар» сапындағы Айбек Қабылшаға бұйырса, оның командаласы Нұрсұлтан Қабылбек үздік бомбардир атанды.

Сейілдә Байшақов, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі:

– Бүгінгі турнир қазақстандық журналистердің допты өте шебер тебетінін көрсетті. Тіпті, кейбір элементтер Ресейде өткен әлем чемпионатындағыдан қалыспайды. Енді осы жарыс дәстүрлі түрде өтіп тұратынына және келешекте басқа өңірлерге де тарайтынына сенемін.

Осы категория бойынша: « Футболдан әлем чемпионатының эстафетасы Катарға табысталды Әлем чемпионаты-2018: Статистикалық мәліметтер »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы