374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент кубогына 100-ден аса теннисші қатысуда

  • 242
  • UPD: 16:42, 17.07.2018

Астанада теннистен дәстүрлі Президент кубогы басталды. Биылғы бәсекеге 30 елден 100-ден аса спортшы қатысып жатыр.

Олардың арасында әлемдік рейтингте жүздікке кіретін спортшылар да бар. Қазақстан атынан айтулы сынға Дмитрий Попко, Александр Недовесов, Денис Евсеев және Тимур Хабибуллин қатысты. Хабибуллин алғашқы айналымда австриялық Себастьян Офнерден ұтылып қалды. Есеп: 5:7, 1:6. Евсеев ресейлік Роман Сафиуллиннен басым түсті. Ұтыс қоры 205 мың долларды құрайтын турнир жексенбі күні аяқталады.

Осы категория бойынша: « Мбаппе әлем чемпионатындағы сыйақысын қайырымдылыққа берді Ресейде әлем чемпионатына арнайы салынған стадионның құрылысы сыр берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы