374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду «Ювентус» сапында қанша жалақы алады?

  • 222
Роналду «Ювентус» сапында қанша жалақы алады? Football.ua

«Ювентус» сапында жылына 30 миллион еуро алатын Роналду әлемдегі табысы жоғары танымал тұлғалар қатарына кірді.

Шоу-бизнес, кино және спортшылар арасындағы рейтингте Криштиану 10-орында тұр. Оның табысы 108 миллион долларды құрайды. Үздік ондықтың қатарында Лионель Месси де бар. Аргентиналық футболшы 111 миллион доллармен сегізінші орынға жайғасты. Табысы мол танымал байлардың тізімін кәсіпқой боксшы кіші Флойд Мейвезер бастады. 41 жастағы боксшының соңғы жылдағы тапқан қаржысы 285 миллион долларға жетті.

Осы категория бойынша: « Ресейде әлем чемпионатына арнайы салынған стадионның құрылысы сыр берді Роналду: «Ювентус» – әлемдегі ең үздік клубтардың бірі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы