374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хорватия құрамасының шабуылшысы 500 ауылдасының несиесін жауып берген

  • 293
  • UPD: 20:36, 17.07.2018
Хорватия құрамасының шабуылшысы 500 ауылдасының несиесін жауып берген Lenta.ru

Футболдан Хорватия құрамасының шабуылшысы Анте Ребич туған ауылының тұрғындарының несиелерін жауып берген.

Бұл туралы футболшының досы Ловро Шиндик айтып берді.

Оның айтуынша, Ребич курортты Сплит қаласынан 45 минуттық жердегі қалашықта дүниеге келген.

«Біз бір-бірімізді көптен бері танимыз. Ол «РБ Лейпциг» клубының сапында өнер көрсетіп жүргенде, Берлинде жиі кездесетінбіз. Әлем біріншілігі кезінде күн сайын хат алмасып отырдық. Жасөспірім кезінде ол қызуқанды болатын, алайда, онысын түзей білді. Өзінің туған Имотски қалашығында ол бір кездері 500 тұрғынның несиесін жауып берген еді», – деді Шиндик.

Еске салайық, 15 шілдеде Хорватия құрамасы футболдан әлем біріншілігінің финалында Франция футболшыларынан 4:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Ребич жарыс барысында алты ойынға қатысып, бір гол салды. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Футболдан 2022 жылы өтетін әлем чемпионаты Қазақстанда көрсетіледі Парижде Францияның әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде оқыс оқиға болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы