364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары тең түсті

  • 242
Футбол: Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары тең түсті Prosports.kz

Бішкекте басталған «Үміт» халықаралық турнирінің алғашқы ойынында 17 жасқа дейінгі Қазақстан мен Өзбекстанның қыздар құрамалары кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан қыздар құрамасы кездесудің оныншы минутында есеп ашты. Гол соққан Қазақстан құрамасының «ондығы» - Лейла Садықова. Өзбекстан құрамасы араға он минут салып, таразы басын теңестірді. Көзге түскен Камола Эркинова болатын. 

Екінші тайм толықтай Қазақстан құрамасының басымдығымен өтті. Кездесудің 72-минутында Қазақстан құрамасының капитаны Лейла Садықованың гол соғатын мүмкіндігі болды. Ал ойынның соңғы минутында Сабина Махаматова тура соққы жасады. Екі сәтте де кездесудің үздік ойыншысы атанған Өзбекстан құрамасының қақпашысы Ангелина Полюшкевич қайтара білді. 

Орынбасар Дәуренбекова шәкірттері келесі ойынын 19 шілде күні Қырғыз Республикасының құрамасына қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 18:00-де басталады. 

 
Осы категория бойынша: « Ресейлік екі бойжеткен «Неймарды» ұрлап кетті (бейне) «Астана» капитаны Тур де Франстың алғашқы кезеңінде үздіктер қатарына ілікті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы