374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем чемпионы Роналдудың қасына кетуді ойлап жүр

  • 181
  • UPD: 16:13, 18.07.2018
Әлем чемпионы Роналдудың қасына кетуді ойлап жүр

Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы мен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба туриндік «Ювентуске» оралуды ойлап жүр, деп хабарлайды Tuttosport.

Басылым мәліметінше, 25 жастағы француз Жозе Моуриньюдан жалыққан. Погба «Ювентустан» ағылшын клубына 2015 жылы сол кездегі рекордтық сомма 105 миллион еуроға ауысқан болатын. Одан үш жыл бұрын француз МЮ-ден кетіп, еркін агент құқығында Туринге барған.

Криштиану Роналдудың «Ювентуске» ауысуы Погбаға әсер еткен болса керек. Себебі, енді «Ювентус» Чемпиондар лигасында жеңістен басты үміткер клубқа айналды.  

Өткен маусымда Погба «Манчестер Юнайтед» үшін 37 матч өткізіп, бес гол салды және 12 нәтижелі пас берді. Франция құрамасы сапында биылғы әлем чемпионатының финалында Хорватия қақпасына салынған бір голдың авторы атанып, әлем чемпионы болды.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz 

Осы категория бойынша: « «Астана» капитаны Тур де Франстың алғашқы кезеңінде үздіктер қатарына ілікті Президент кубогына Қазақстанның 7 теннисшісі қатысуда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы