374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент кубогы: жас теннисшілер өзара үздіктерді анықтауда

  • 258
  • UPD: 18:26, 18.07.2018

Астанада 12 жасқа дейінгі балалар арасында теннистен Президент кубогы өтіп жатыр.

Бүгін турнирдің үшінші күні. Жеңімпаздар сенбі күні анықталады.

Заңғар – жүлдеден үмітті 104 қатысушының бірі. Жасы 10-да. Тенниспен айналысқанына биыл бес жыл болыпты. Осыған дейін бірнеше жарыста биіктен көрінген ол Президент кубогын да қанжығаға байласам дейді. Әзірге екі қарсыластан басым түсті. Ал чемпион атану үшін тағы үш кездесуде жеңіске жету қажет. 

Заңғар Нұрланұлы, жарысқа қатысушы:

- Президент кубогын ұтып алғым келеді.

Ұлттық теннис орталығына еліміздің 9 өңірінен жас спортшылар келген. Жарыс балалар арасындағы турнир деген сипатқа ие болса да, әр матчтағы тартыс ересектерден еш кем емес. Бір ғана соққымен қарсыласын қапыда қалдыру, қуаныштың көз жасы мен өзекті өртеген өкініш мұнда да кездеседі.

Теннистің тізгігін ұстап жүрген мамандардың айтуынша, қазір Астанада 800-ден астам бала тенниспен айналысады. «Ал осындай турнирлер аталған спорт түрінінің өзге аймақтарда да өркендеуіне жол ашады, – дейді олар.

Юрий Польский, Қазақстан теннис федерациясының атқарушы директоры:

- Астанада жаңа теннис орталығының құрылысы басталды. Себебі елордада 800-ден астам бала тенниске қатысады. Сондықтан корттар барлығына бірдей жете бермейді. Жаттығулардың да уақытын жиі ауыстырамыз. Жаңа орталықтың құрылысы жақын уақыттары басталады деп үміттенемін.  

Финалдық ойындар алдағы сенбіде өтеді. Ал жеңімпаздарды марапаттау рәсімі жексенбіге жоспарланған.

Авторлары: Н.Н., Ғани Алшынбаев

Осы категория бойынша: « Марадона «Динамо Брест» клубын басқарады Теннистен ҚР Президенті Кубогінің жүлде қоры – 205 мың доллар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы