374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннистен ҚР Президенті Кубогінің жүлде қоры – 205 мың доллар

  • 233
  • UPD: 13:51, 19.07.2018

Астанада теннистен Президент Кубогі жалғасып жатыр. Үш күнде 30-ға жуық елден келген 100-ден аса спортшы өзара кездесіп үлгерді.

Енді кортқа тек келесі кезеңге өткендері ғана шығады. Жерлестеріміз арасынан ең үздік көрсеткіш Тимур Хабибуллинде. Ол жұптық сында ширек финалға жетті. Ал жекелей сында Александр Недовесов пен Анна Данилина бүгін кезекті қарсыластарымен жолығады. Ал қалған қазақстандық теннисшілер жарысты алғашқы айналымда аяқтады. Халықаралық жарыс алдағы жексенбіге дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 205 мың АҚШ долларын құрайды.

Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясы президентінің орынбасары:

- Барлық ойыншылар келіп осы жерде жүлде қорына емес, рейтингке ұпайларын жинап, алдағы әлемдік додаларға дайындығын пысықтап жатыр. Сондықтан біздің құрама команда да осы жерге қатысып отыр.

Осы категория бойынша: « Президент кубогы: жас теннисшілер өзара үздіктерді анықтауда Қысқы Олимпиада ойындарына спорттың жаңа түрлері қосылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы