369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тобыл» алғаш рет Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті

  • 224
  • UPD: 22:23, 19.07.2018
«Тобыл» алғаш рет Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті vesti.kz

Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Грузияның «Самтредиа» клубын жеңді.

«Тобыл» сапынан 12-минутта Бауыржан Тұрысбек және 83-минутта Аслан Дарабаев доп соқты. Есеп – 2:0. «Тобыл» жеңіске жетті. Қостанайлықтар аталмыш командамен алғашқы кездесуінде 1:0 есебімен басым түскен еді.

Олардың ендігі қарсыласы – Арменияның «Пюник» және Македонияның «Вардар» клубтары арасындағы жеңімпазы болады. Екі команда арасындағы алғашқы кездесу 1:0 есебімен «Пюниктің» пайдасына жазылды. Олардың арасындағы қарымта кездесу 23:00-де басталады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Осы категория бойынша: « Еуропа лигасы: «Қайрат» Андорраның «Энгордань» клубын тас-талқан етіп ұтты Қазақстандықтар Ресейдегі әлем чемпионатында 1,5 млрд теңге жұмсаған »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы