371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде хоккей матчы Денис Тенді еске алумен басталды

  • 261
  • UPD: 17:53, 20.07.2018

Қазақ спорты қара жамылды. Өскемендік хоккейшілер де Денис Теннің қазасын ауыр қабылдады.

Қалада шайбалы хоккейден өтіп жатқан астаналық және шығыс қазақстандық жас хоккейшілердің достық кездесуі әйгілі спортшыны еске алумен басталды. Үлкенді де, кішіні де өнеріне тәнті еткен сайыпқыранның кәсіби шеберлігі жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталмақ. «Денис Теннің додалы жарыстардағы жанкештілігі мен еңбекқорлығы көпке үлгі» дейді спортшылар.

Вадим Куликов, ардагер спортшы:

- Бұл қаза - орны толмас қайғы. Мен ол жігітті танушы едім, жаттықтырушыларын да білетінмін. Миллиондаған отандастарымның  атынан спортшының отбасына көңіл айтып,қайғысына ортақ екенімізді жеткізгім келеді.

Осы категория бойынша: « Австралия мен Филиппиннің баскетбол құрамалары ойын үстінде жаппай төбелесті «Қайрат» Еуролиганың екінші іріктеу кезеңіне шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы