371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайрат» Еуролиганың екінші іріктеу кезеңіне шықты

  • 184
  • UPD: 19:30, 20.07.2018

Андорраның «Энгордани» командасынан үлкен ұпаймен басым түскен «Қайрат» Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты.

Алматылықтар енді Голландияның «Алкмаарымен» кездеседі. «Тобыл» да Еурокубок додасын жалғастырады. Грузияның «Самптредиясын» қабылдаған Қостанай командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. «Тобылдың» келесі қарсыласы армениялық «Пюник» болады. Алғашқы ойындар 26-шы шілдеде өтеді. Қазақстандық клубтардың жеңісті жолын «Ертіс» жалғастыра алмады. Павлодар футболшылары Литваның «Тракайына» 0:1 есебімен есе жіберді. Сырт алаңдағы алғашқы кездесуде есеп ашылған жоқ. Қарымта матчта қонақтардың жолы болды. Кездесудің 19-минутында Сваюнас Чижас мергендік танытып, «Тракайды» келесі кезеңге алып шықты.

Осы категория бойынша: « Өскеменде хоккей матчы Денис Тенді еске алумен басталды Джакартадағы Азия ойындарына елімізден 9 киберспортшы қатысады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы