371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Қуанышева: Денистің арқасында еліміз алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан жарысқа қатысты

  • 255
  • UPD: 23:56, 20.07.2018

Аққан жұлдыздай аз ғана ғұмырында спорт әлемінде өшпес із қалдырған еліміздің мақтанышы, сүйікті ұлы атанған Денис Теннің қазасы барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырды.

Оның отбасына қайғырып көңіл айтып келіп жатқан достары, жақындары мен әріптестері оның адамгершілігін, спорттағы жетістіктері мен қайтпас қайсар мінезсін еске алды. Денис мәнерлеп сырғанаудан тәуелсіз ел тарихындағы алғашқы чемпион дейді оның алғашқы  жаттықтырушысы.

Айгүл Қуанышева, Д.Теннің алғашқы жаттықтырушысы:

- Ол алғаш Мәскеуде өткен халықаралық турнирде бірден білікті бапкерлердің көзіне түсті. Денистің шеберлігін көрген спортшылар «Қазақстаннан келген бала» деп таңқалды. Өйткені біз ел тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнирге қатысқан едік. 

Ифрат Имамбек, отбасының жақын досы:

- Денис бізге өте жақын адам. Кеше, бүгін, ертең қайғы күндері. Тек Ғана жақындар ғана емес, Қазақстанға ғана емес. Денис Қазақстанның керемет азаматы болған.

Осы категория бойынша: « Ақтаулықтар: Денис Тен жүрегі «қазақ» деп соққан чемпион еді Алисон Бекер әлемдегі ең қымбат қақпашы атанды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы