371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Ұлы дала рухы» фестивалі өтті

  • 263
  • UPD: 23:02, 21.07.2018

Астанада «Ұлы дала рухы» фестивалі аясында Батыс Қазақстан облысының дарабоздарын іріктеу жарысы өтті.

Спортшылар «Жамбы ату» мен «Теңге ілуден» сайысқа түсіп, бақ сынады. Фестиваль ертең де жалғасып, аударыспақтан сайыс өтеді. Осы екі күнге созылған додаға жалпы саны 40-тан аса спортшы қатысады. Іріктеу сайысының жеңімпаздары 2 -ші кезеңге жолдама алады. Ал ақтық бәсеке 11-16 қыркүйек аралығында Астанада ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 4 шілдеде басталған фестиваль 2 жарым айға созылады. Оған республика бойынша мыңнан астам спортшы қатыспақ.

Нұрсұлтан Ибрагимов, Ұлттық ат спорты түрлері орталығының директоры:

- Бүгінде ұлттық ұлы дала рухы фестиваліне 8 спорт түрі кіріп отыр. Бұл үлкен жетістік, ,нәтиже. Бүгінде әр спорт түрінің өзінің ережесі бекітілген. Бағдарламасы бар. Яғни ереже нақты мемлекет тарапынан бекітіліп отырғаннан кейін бұнын ары-қарай дамуына үлкен жол ашылады деген сөз.

Осы категория бойынша: « Күрестен Азия чемпионатында қыздарымыз алтын медаль жеңіп алды Түркістан облысында желкенді қайық спорты қарқынды дамып келеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы