365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында желкенді қайық спорты қарқынды дамып келеді

  • 199
  • UPD: 08:20, 22.07.2018
Түркістан облысында желкенді қайық спорты қарқынды дамып келеді

Түркістан облысының Шардара ауданында желкенді қайық спорты дамып келеді.

Шардаралық өрендер спорттың бұл түріне ерекше ықыласты. Бүгінде Шардара су қоймасындағы үйірмеде 60 бала жаттығып жүр. Көк теңізге жаны құштар жастар желкенді қайықты ұршықша иіреді. Білікті бапкерлер де балаларға білгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Мамандардың айтуынша, желкенді қайық спорты Шардара су қоймасында 1970 жылдары кең қанат жайып, жақсы дамыған екен. Бірақ кейін жабылып қалған. Енді қайта қолға алынып отыр.    

Абай Сатиев, Шардара балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

- Кеше ғана Қапшағай су қоймасына балаларымыз жарысқа кетті. Жүлделі орынмен оралады деген ойдамыз. Өткенде балаларымыз жарысқа қатысып жеңімпаз атанды. Бұдан кейін Шардарада желкенді қайық спорты одан  да жақсы дамиды деп үміттенеміз.

Хабар 24 телеарнасы