365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннис: Астанада Қазақстан Президенті кубогының ақтық сайысы өтті

  • 194
  • UPD: 17:35, 22.07.2018

Бүгін Астанада теннистен Қазақстан Президенті кубогының ақтық сайысы өтті.

Әйелдер арасында грузиялық спортшы Екатерина Горгодзе биылғы турнирдің үздігі болды. Ол финалда Сабина Шәріповамен кездесіп, өзбек қызынан 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Ал ерлер арасында бірінші орынды неміс Даниэль Брандспен бақталасқан австриялық теннисші Себастьян Офнер иеленді. Айта кету керек, бұған дейін қазақстандық Анна Данилина түрік спортшысы Берфу Генгизбен бірге жұптық кездесуде озық шыққан болатын.

Диас Досқараев, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:

– Осы жарыс ең көп қатысушы қатысқан сайыс болды. Тарихта ешқашан мұндай болмаған. 1991 жылдан бері ұйымдастырылып жатыр. Биыл 270-тен астам қатысушы келді. Тек ер адамдар мен әйел адамдар арасында ғана емес, әуесқойлардың және 12 жасқа дейінгі балалардың арасында өтті. 25 мемлекеттен келіп отыр.

Осы категория бойынша: « Сергей Морозов ММА турниріндегі жеңісін Денис Тенге арнады Марко Станоевич «Астанa» сапынан кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы