365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкиннің бұрынғы қарсыласы «Канелоны» жеңудің жолын айтты

  • 322
  • UPD: 11:00, 23.07.2018
Головкиннің бұрынғы қарсыласы «Канелоны» жеңудің жолын айтты Eurosport

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) екінші жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Малик Диарра GGG алдағы жекпе-жекте жеңіске жету үшін не істеу керек екенін айтты.

«Меніңше, бірінші жекпе-жекте Головкин «Канелоның» еркін тыныс алуына мүмкіндік берді. Оған барынша қатаң қысым жасау керек. Абель Санчес – үздік бапкер әрі тактиктердің бірі, сондықтан ол барлығын ескереді, GGG бірінші кездесудегі секілді Альвареске рингтің орталығын оп-оңай бере салмайды деп ойлаймын», – деді бұрынғы боксшы.

Ақпарат көзі: sport.inform.kz

Хабар 24 телеарнасы