369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Андрей Скабелка «Барыстың» жаңа маусымға дайындығы жайлы айтты

  • 149
  • UPD: 17:54, 24.07.2018
Андрей Скабелка «Барыстың» жаңа маусымға дайындығы жайлы айтты

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті маусымы жақындап қалды.

Осыған орай астаналық клуб жаңа ойыншылармен толығып, жаңа бапкерін сайлады. «Sports Nation» бағдарламасындағы әріптестерімізге соңғысымен сұхбаттасудың сәті түсті. Андрей Скабелка есімді белорус маманы алдағы маусымға арналған жоспары мен басшылықтың қойған мақсаты жайында айтып берді. Сұхбаттың толық нұсқасын ертең «Kazakh TV» арнасынан сағат 9:20, 15:20 және 21:25-те көре аласыздар.

Андрей Скабелка, «Барыс» клубының бас бапкері:

- Қазір жаңа құраммен жаттығу жүргізіп жатырмыз. Бұрынғы жігіттерден Дицц, Даллмэн және Карлссон қалды. Ал Пушкарев келісімді ұзартуға келіспеді. Сонымен қатар жарақатына байланысты біраз уақыт мұзға шықпаған Талғат Жайлауов қазір бізбен бірге дайындалып жүр.

Осы категория бойынша: « УЕФА Чемпиондар лигасы: «Астана» «Мидтьюлландті» қабылдайды Сауль Альварес допинг қолданғанын мойындады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы