368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапонияда Токио олимпиадасына дайындық қызу

  • 284
  • UPD: 18:12, 24.07.2018
Жапонияда Токио олимпиадасына дайындық қызу

Токио олимпиадасының басталуына тура 2 жыл қалды.

Яғни 2020 жылдың 24 шілдесінде кезекті жазғы ойындар тұсауын кеседі. Ал Жапония билігі болса дайындықты қазірден бастап кетті. Ұйымдастырушыларды, әсіресе, ауа райына қатысты қолайсыздықтар алаңдатып отыр. Яғни жанкүйерлерді шіліңгір шілденің аптап ыстығынан қорғау үшін кейбір жарыстардың кестесін ауыстырған. Сонымен қатар көшедегі ағаштарды кеспеу жөнінде шешім қабылданды. Өйткеніол қонақтарға көлеңкексімен көмектесе алады. Бұған қоса автобус аялдамаларына су бүркитін аппараттар қойылмақ. Бұл бастама байрақты бәсекеге дейін арнайы тәжірибеден өтеді. 

Юрико Коикэ, Токио қаласының губернаторы:

- Қазір бізде күн қатты ысып кетті. Тіпті, моншаны еске салады деуге болады. Спортшылар үшін бұл қалыпты жағдай. Олар дайындықтарын жүргізе береді. Ал әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жанкүйерлер үшін ауыр болмақ. Сондықтан олар ешқандай қолайсыздықты сезбейтіндей жағдай жасауға тырысып жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде өрт сөндірушілердің республикалық біріншілігі басталды «Астана» – «Мидтьюлланд»: әзірге есеп – 1:0 »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы