365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ФИФА футболдан әлем біріншілігіндегі ең үздік голды жариялады

  • 232
ФИФА футболдан әлем біріншілігіндегі ең үздік голды жариялады dobrudjabg.com

Биыл Ресейде өткен әлем біріншілігінде 1/8 финалда Аргентинаға қарсы ойында Франция (4:3) құрамасының қорғаушысы Бенжамен Павардың соққан голы ең үздік деп танылды.

Бұл туралы ФИФА ұйымының ресми сайтында жарияланды.

Жеңімпазды жанкүйерлер онлайн-дауыс беру арқылы анықтады. Осы жүлдеге 18 гол үмітті болған.

Н тобында колумбиялық жартылайқорғаушы Хуан Кинтеро Жапониямен (1:2) өткен ойында салған голымен екінші орынды иеленді. Үшінші орынды D тобында Хорватия - Аргентина кездесуінде команда капитаны Лука Модричтің голы иеленді. 

Айта кетейік, Бенжамен Повар осы атаққа лайықты болған бірінші еуропалық. Осыған дейін бұл жүлдені оңтүстікамерикалықтар иеленіп келген еді. Еске салайық, Ресейде өткен ӘЧ-2018 Франция футболшылары Хорваттарды 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Қола медальды Бельгия құрамасы иеленді.  

Ақпарат көзі: vesti.kz

Осы категория бойынша: « Хабиб Нурмагомедов өзінің жеке парфюмін шығарады Полицей Тур де Франс чемпионын жанкүйер екен деп жерге құлатты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы