374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Tour de France: «Астана» шабандозы ең белсенді деп танылды

  • 221
  • UPD: 16:34, 26.07.2018

«Тур де Франста» ең қысқа әрі шешуші кезеңінің бірі болып өтті. Баньер-де-Люшон мен Сен-Лари-Сулан аралығындағы 65 шақырымда шабандоздар үш бірдей белесті бағындырды.

«Астана» командасының шабандозы Танел Кангерт 17-кезеңнің нәтижесі бойынша ең белсенді шабандоз боп танылды. Ол барлық 65 шақырымның 57 шақырымында алдына жан салмады. Кангерт шабуылға алғашқы шақырымнан бастап шықты. Танел бар күшін салғанымен оны жарыс аяқталуға 8 шақырым қалғанда қарсыластар қуып жетті. Ал «Астана» капитаны Якоб Фульсанг Йеспер Хансен мен Омар Фрайленің арқасында мықтылардың арасында жүрді. Соңына қарай ол өз қарқынымен жүруге мәжбүр болды. Ал мәре сызығында ол кезең жеңімпазы Наиро Кинтанаға 4 минут уақыт жеңіліп қалды. Ал жалпы есепте, яғни 17 кезеңнің қорытындысы бойынша СКАЙ сапындағы Герайнт Томас көш бастап келеді.

Герайнт Томас, жарысқа қатысушы:

- Кристофер Фрум жеңісті оңай бере салмайтыны белгілі. Сондықтан негізгі тартыс екеуіміздің арамызда болатыны анық. Менің командам бұл бәсекеге әбден дайынбыз. Соның нәтижесі шығар, әзірге алда келе жатырмыз.

Осы категория бойынша: « Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа баулу мәселесі қозғалды Еліміздің бокс құрамасы Азия ойындарына дайындығын пысықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы