374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда ескек есу спортынан алғаш рет федерация кубогі үшін жарыс өтті

  • 186
  • UPD: 18:32, 27.07.2018

Еліміздің ең үздік ескек есушілері Оралға жиналды. Ақжайық өңірінде алғаш рет республикалық федерацияның кубогына арналған жарыс ұйымдастырылды.

Оған Атырау, Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысының спортшылары қатысып жатыр. 100-ге жуық ескек есуші 3 қашықтық бойынша өзара мықтыны анықтайды. Федерация Кубогын өткізуге дәл осы Орал қаласының таңдалуы бекер емес. Бұл өңірде аталған спорт түрінің 60 жылдық тарихы бар және осы аралықта 40-тан аса спорт шебері шықты. Тіпті, оның ішінде 2 дүркін әлем чемпионы мен халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері де бар.

Осы категория бойынша: « Б.Шүменов елордадағы балалар орталығында бүлдіршіннің тұсауын кесті Роналду екі жылға сотталуы мүмкін »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы