364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» екінші жекпе-жекті насихаттаудан не себепті бас тартқанын түсіндірді

  • 205
«Канело» екінші жекпе-жекті насихаттаудан не себепті бас тартқанын түсіндірді Prosports.kz

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өзінің және Golden Boy Promotions компаниясының Геннадий Головкинмен бірлескен баспасөз мәслихатынан және екінші жекпе-жекті толықтай насихаттаудан не себепті бас тартқанын түсіндірді.

«Тыңдаңыздаршы, егер біз оны былтыр жасаған болсақ, тағы да пресс-тур жасап қайтеміз? Біз командамыз бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартты. Себебі бізге жұмыс істеу қажет. Мен үшін қазір ең бастысы – жаттығу жасау. Баспасөз мәслихаты ұнайды ма деген сұраққа келсек, маған одан гөрі жаттығулар мен жекпе-жектер ұнайды», – деді «Канело» Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.

Еске салайық, таяуда Головкин мен Альварес өзгеше баспасөз мәслихатын өткізген еді. Баспасөз жиыны қашықтықтан өтті, боксшылар өз лагерлерінде болды. «Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Осы категория бойынша: « Роналду екі жылға сотталуы мүмкін Воскобоева Мәскеуде өткен жұптық турнирде финалға жолдама алды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы