365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық дзюдошылар Германияда топ жарды

  • 284
Қазақстандық дзюдошылар Германияда топ жарды

Қазақстандық дзюдошылар Германия астанасында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа кубогында жүзден жүйрік шығып, 5 медаль жеңіп алды.

Қазір ұлттық құрамамыздың қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 1 қола бар. 55 және 73 келі салмақта белдескен Дамир Болатбеков пен Жанболат Бақытбергенов алтын, Арслан Есенгел мен Ғалия Тынбаева күміс, ал Аңсарбек Гайнуллин қола медаль иеленді. Сөйтіп жарыстың алғашқы күнгі қорытдынысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есеп бойынша 38 елдің ішінде бірінші орынға көтерілді. Ал жалпы жарысқа 500 дзюдошы қатысып жатыр. Спортшыларымыз сайыстың екінші күні де жанкүйерлерімізді қуантуға уәде етіп отыр.

Аңсарбек Гайнуллин, қола жүлдегер:

– Алты кездесу өткіздім. Австрия, Румыния спортшыларын ұтып, қазақстандық спортшыға ұтылдым. Жарыс өте қиын болды. Қарсыластар да өте жақсы дайындалған. Жетістігіме қуаныштымын.

Батыр Машиков, бас бапкердің көмекшісі:

– Жарысқа көптеген мемлекеттен спортшылар келді. Бірақ Азиядан келген жалғыз біз ғана. Еуропалықтардың арасында 2 алтын алдық. Бұл өте жақсы. Балалардың барлығы физикалық, тұрғыдан дайын. Өте жақсы нәтиже көрсетіп, артқан үмітімізді ақтап жатыр.

Осы категория бойынша: « «Ұлы дала рухы» фестивалінің ақтық кезеңі Астанада өтеді Қазақстандық балуандар Түркияда 5 қола жүлдеге қол жеткізді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы