365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық балуандар Түркияда 5 қола жүлдеге қол жеткізді

  • 311
Қазақстандық балуандар Түркияда 5 қола жүлдеге қол жеткізді prosports.kz

Ыстамбұл қаласында еркін күрестен халықаралық Яшар Догу Мемориалы аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты күрес федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған турнирде қазақстандық балуандар 5 қола медаль жеңіп алды.

Жүлдеге қол жеткізген балуандар:

65 келі. Мәдияр Бурхан, Дәулет Ниязбеков.

74 келі. Нұрлан Бекжанов, Болат Сақаев

79 келі. Бахтияр Ізбасаров.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс Ыстамбұл қаласында 27-29 шілде аралығында өтті.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық дзюдошылар Германияда топ жарды Астанада триатлоннан әуесқойлар арасында жарыс өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы