374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада триатлоннан әуесқойлар арасында жарыс өтті

  • 211
  • UPD: 12:52, 30.07.2018
Астанада триатлоннан әуесқойлар арасында жарыс өтті

Астана тағы да триатлон шеберлерінің жарыс алаңына айналды. Бұл жолы әуесқойлар арасындағы бәсеке өтті.

Оған жергілікті тұрғындармен қатар, басқа аймақтардан арнайы келген спортшылар да қатысты. Яғни, бас-аяғы 100-ден аса адам өзара мықтыны анықтады. Әуесқойларға арналған жарыс болғандықтан оның бағдарламасы әлдеқайда жеңілдетілді. Мәселен, жүзу 750 метрге, вело-жарыс 20 шақырымға, ал, жүгіру 5 шақырымға қысқартылды. Енді ұйымдастырушылар осындай форматтағы жарыстарды жиі өткізбек. Өйткені Президенттің 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысу керек деген тапсырмасы бар. Ал мамандар  отандық триатлон осы тапсырманы орындауға өлшеусіз үлес қосарына сенімді.

Сайрамбек Әбілқайыров, жарысқа қатысушы:

- Бұл мен үшін үлкен сын. Бірінші рет қатысқалы жатырмын. Астана қаласының әкімшілігіне көптен-көп рахмет. Біз сияқты әуесқойларға осындай жарыс ұйымдастырғанына.

Азамат Имашев, Астана әкімдігі Спорттық-бұқаралық шаралар өткізу дирекциясының директоры:

- Триатлон негізі Қазақстанда жақсы дамып келе жатыр. Осы жаз айында «айронмен» өтті. Енді алда 4 тамызда Алматыда Азияның Кубогі болады. Соған қатысады осы Астанада қаласынан іріктеліп шыққан жеңімпаздар.

Осы категория бойынша: « Қазақстандық балуандар Түркияда 5 қола жүлдеге қол жеткізді Астанада грэпплинг шеберлері өзара мықтыларды анықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы