364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейбіт Шүменов келесі кездесуін тағы Қазақстанда өткізуі мүмкін

  • 227
  • UPD: 14:00, 01.08.2018
Бейбіт Шүменов келесі кездесуін тағы Қазақстанда өткізуі мүмкін

Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін де Қазақстанда өткізгісі келеді.

Бұл жөнінде ол біздің арнаға берген эксклюзивті сұхбатында айтты. Бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген жерлесіміз енді WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы Арсен Гуламирянмен жолығу керек. Бокс кеші алдағы күзге жоспарланып отыр. Кейін оның жеңімпазы Александр Усик пен Денис Лебедев арасындағы жекпе-жектің үздігімен кездеседі. Айта кетейік, Бейбіт Шүменов 2 жылға жуық үзілістен кейін жуырда ғана кәсіпқой боксқа қайта оралды. 7 шілде күні Астанада түркиялық Хизни Алтункаямен жолығып, WBA тұжырымы бойынша белдігін қайтарды. Бұл оның кәсіпқой рингтегі он сегізінші жеңісі болатын.

Бейбіт Шүменов, кәсіпқой боксшы:

– Келесі жекпе-жекті де Қазақстанда өткізу жоспарда бар. Өйткені елімізде кәсіпқой боксты дамытқымыз келеді. Жалпы елімізде жиі жарыс өткізуге тырысамыз. 2-3 кездесуде өзімнің физикалық бабыма келіп, салмағымдағы барлық белдікті жеңіп алғым келеді.

Осы категория бойынша: « Данияр Елеусінов үшінші жекпе-жегін өткізу үшін Кардиффке келді «Астана» даниялық «Митьюлланд» клубымен қарымта матч өткізеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы