367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Корея түбегіндегі туыстас екі ел Азия ойындарына бір команда болып қатысады

  • 225
  • UPD: 17:33, 01.08.2018

Оңтүстік және Солтүстік Кореяның спортшылары алдағы Азия ойындарына бір команда ретінде қатысады.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қазірдің өзінде солтүстік кореялық 30 спортшы  Оңтүістік Кореяға келіп, бірлескен оқу-жаттығу жүргізе бастады. Олардың басым бөлігін ескек есушілер мен баскетболшылар құрайды. Айта кетейік, өткен Пхенчхан Олимпиадасында да қос елдің спортшылары бір құрама ретінде сынға түскен болатын. Тіпті осы мақсатта біріккен Кореяның туын жасап шығарды. Ал алдағы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек арасында Индонезия астанасында өтеді. Жазғы спорт өкілдері үшін ол жылдың басты бәсекесі болып саналады.  

То Чонхван, Оңтүстік Кореяның мәдениет, спорт және туризм министрі:

- Бұл өте құптарлық бастама. Тек спортшылар ғана емес, қос елдің халқы да осылай бір-біріне жақын болуы керек. Өйткені мақсаттарымыз ортақ және оны бірлесіп бағындырғанымыз абзал. Менің ойымша, бұл қадамдар бейбітшілік пен келісімге бастайды.

Осы категория бойынша: « GGG Альвареспен өтетін кездесудің қалай аяқталатынын болжады «Астана» клубы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы