365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

  • 154
  • UPD: 17:54, 03.08.2018
«Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті

Еуропа лигасында жолы болмай қойған қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кетті.

Дұрысын айтқанда, Владимир Никитенко өзі осындай өтініш жасап, клуб басшылығы оны мақұлдаған. Бұл жөнінде команданың ресми сайты мәлімдейді.

Айта кетейік, қостанайлық клуб биыл Еуропа лигасының екінші іріктеу кезңіне дейін жетіп, армениялық «Пюниктен» жеңілген болатын. Артынша бас бапкер жұмыстан шығатыны жөнінде хабар берді. Владимир Никитенкомен бірге командадағы оның көмекшісі және қақпашылардың жаттықтырушысы да қызметінен кетті. Ал олардың орнына қазір бас бапкердің міндетін атқарушы Андрей Мирошниченко мен физикалық жаттығу жөніндегі жаттықтырушы Евгений Антонов жұмыс жасап жатыр.

Осы категория бойынша: « Алматыда триатлоннан Азия Кубогінің кезеңі басталады Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы жекпе-жек өтетін күн белгілі болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы