374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді

  • 188
  • UPD: 11:07, 06.08.2018
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі АҚШ-та өтеді Matchroom

Тамыздың 4-інен 5-іне қараған түні Елеусінов Кардиффте өткен бокс кешінде венгр боксшысы Габор Горбичті ұпай санымен жеңді.

Данияр Елеусіновтің ісін жүргізіп жүрген Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі қайда өтетінін айтты.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Тамыздың 4-нен 5-не қараған түні Елеусінов Кардиффте өткен бокс кешінде венгр боксшысы Габор Горбичті ұпай санымен жеңді.

Boxing Scene порталына берген сұхбатында Хирн Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қазанда АҚШ-та өтетінін айтты. Алайда ол қай күні өтетінін нақтылаған жоқ. 

«Бұл кезекті алты раундтық жақсы жекпе-жек болды. Кездесудің бірінші жартысына қарағанда екіншісі әлдеқайда жақсы бола түсті. Алайда біз оның тарапынан ең үздік нәтиже көру үшін деңгейімізді көтере түсу қажет», - деді Хирн.

Осы категория бойынша: « Дзюдодан Азия ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі Астанада велотректен жастар мен жасөспірімдер арасында чемпионат аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы