368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Австралия жаңа форматтағы Дэвис кубогына қарсы

  • 171
  • UPD: 17:35, 06.08.2018
Австралия жаңа форматтағы Дэвис кубогына қарсы

Яғни халықаралық жарыстың ережесіне енгізілгелі жатқан өзгерістерді бұл елдің теннис федерациясы қолдамайды.

Айта кетейік, Дэвис кубогына жаңашылдық әкелу жөнінде ағымдағы жылдың ақпан айында айтыла бастаған еді. Мамандар шешуі сынды бір уақытта және бір жерде өткізуді ұсынған болатын. Яғни финалға шыққан 18 елдің құрамасы бір жерге жиналып, 7 күн бойы өзара мықтыны анықтайды және дәл осы формат алдағы қараша айында қолданысқа енеді деп жоспарланған. Бірақ Австралия тарапы бұнымен келіспей отыр. Осыған байланысты Дэвис кубогындағы реформа 13 және 16 тамыз аралығында Орландо қаласында кеңінен талқыланбақ. Ол жерде Халықаралық теннис федерациясының бас ассамблеясы өтеді.

Ллейтон Хьюитт, теннистен Австралия құрамасының капитаны:

- Бұл өзгеріс халықаралық жарыстың алға жылжуына мүмкіндік бермейді деп ойлаймын. Өйткені аз уақыт аралығында соншалық команданың арасынан мықтыны анықтау қиын және көрермендер үшін қызықсыз болады. Тағы бір айта кетерлігі, біз өз алаңымызда өнер көрсеткіміз келеді. Ал жаңа формат барлық құраманы белгіленген бір жерде ғана ойнауға міндеттеп отыр.

Осы категория бойынша: « Қарағандыда тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпиондары анықталады ӘЧ-2018 үздік ойыншысы Роналдудың соңынан Италияға кететін болды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы