374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» БК америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды

  • 153
  • UPD: 10:50, 08.08.2018
«Астана» БК америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды

«Астана» баскетбол клубының басшылығы америкалық сұрмерген 26 жастағы Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Vesti.kz «Астана» клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

26 жастағы ойыншымен келісімшарт бір жылға жасалған. 

О'Брайен – Сан-Диего университеті командасының шәкірті. 2015 жылы ол ҰБҚ драфтына өз кандидлатурасын ұсынған, алайда лигадағы ешқандай клуб оған қызығушылық танытпады. Содан кейін ол Даму лигасында өнер көрсетіп, «Юта Джазбен» келісімшартқа отырды. Солт-Лейк-Сити командасы сапында ол тек өңірлік чемпионатта екі ойын ғана өткізіп, ұпай жинай алмады. 

Өткен маусымда ол Даму лигасында «Аква Калиенте Клипперс» – «Лос-Анджелес Клипперс» фарм-клубының намысын қорғады. Онда оның нәтижесі 15,9 ұпайға тең болды.

Айта кетейік, «Астана» клубы ВТБ Біріңғай лигасында 10-орында тұрады. 

Осы категория бойынша: « Головкин – Альварес жекпе-жегіне қанша билет қалды Америкалық журналистер Ломаченконы P4P-королі деп танып, Головкинді ысырды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы