369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Америкалық журналистер Ломаченконы P4P-королі деп танып, Головкинді ысырды

  • 174
  • UPD: 17:20, 08.08.2018
Америкалық журналистер Ломаченконы P4P-королі деп танып, Головкинді ысырды vesti.kz

Бокс туралы жазатын америкалық журналистер ассоциациясы (BWAA) салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound, P4P) ең үздік боксшылар тізімін жасады.

Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Ассоциация рейтингі екі ай сайын жаңарып отырады. Ұйымның әр мүшесі өзі таңдаған 10 үздік боксшының тізімін береді. Бірінші орынға - 10 ұпай, екінші орынға 9 ұпай тағы сол сияқты кете береді.

Соңғы екі айда рейтинг аса өзгермеген. Бірінші орында жеңіл салмақта WBA чемпионы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) тұр. Екінші орында бірінші жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион Теренс Кроуфорд (34-0, 23 КО); Үздік үштікте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бар.

BWAA нұсқасы бойынша P4P толық рейтингісі:

1 (1). Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) – 216 ұпай.

2 (2). Теренс Кроуфорд (34-0, 23 КО) – 213.

3 (3). Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) – 181.

4 (5). Майки Гарсиа (39-0, 30 KO) – 160.

5 (4). Эррол Спенс (24-0, 21 КО) – 131.

6 (9). Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО) – 106.

7 (6). Срисакет Сор Рунгвисаи (46-4-1, 41 КО) – 105.

8 (жаңа). Александр Усик (15-0, 11 КО) – 98.

9 (9). Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) – 87.

10 (жаңа). Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) – 70.

Осы категория бойынша: « «Астана» БК америкалық Джалил О'Брайенмен келісімшартқа отырды Роман Григорчук: Бізде тағы бір мүмкіндік бар »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы