370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роман Григорчук: Бізде тағы бір мүмкіндік бар

  • 187
  • UPD: 18:55, 08.08.2018
Роман Григорчук: Бізде тағы бір мүмкіндік бар Kazfootball

УЕФА чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі «Астана» үшін сәтсіз басталды.

Елордалық команда өз алаңыда Загреб қаласының «Динамо» клубын қабылдаған болатын. Тартысты өткен матч 0:2 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже «Астананың» плей-оффқа шығу мүмкіндігін қиындыта түсті. Өйткені тура бір аптадан кейін Хорватияда өтетін ойында бұдан да ірі есеппен жеңіске жетуі керек. Әйтпесе плей-оффқа шықпайды. Бірақ Роман Григорчук үмітін уақытынан бұрын үзгісі жоқ. Матч соңындағы баспасөз мәслихатында «Астананың» бас бапкері біраз қателіктер болғанын мойындады. Енді сонымен жұмыс жасап, сырт алаңда есе қайтарудың амалын тауып көреміз дейді.

Роман Григорчук, «Астана» клубының бас бапкері:

-Кездесуден кейін бізге қатысты біраз сын айтылды. Дұрыс та шығар. Бірақ қайта-қайта былай істеу керек деп өкіне берудің қажеті жоқ. Қателіктер болды. Енді жақсылап сараптама жасап, басқа ынта-жігермен алаңға шығуға тиіспіз. Әлі бәрін жоғалтпадық. Тағы бір мүмкіндік бар және соны толығымен пайдалануға барымызды саламыз.

Ненад Белица, «Динамо» клубының бас бапкері:

-Ал біз қолдан келгеннің барлығын жасадық. Бірақ жасанды жасыл алаң бәрін бірдей іске асыруға мүмкіндік бермеді. Соның өзінде көрсеткішке көңілім толады. Енді осы қарқыннан таймай, алдағы матчта жеңісті қолдан бермейміз деп үміттенемін.

Осы категория бойынша: « Америкалық журналистер Ломаченконы P4P-королі деп танып, Головкинді ысырды АҚШ-та Citi Open теннис турнирі аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы