374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық киокушинкай-кан шеберлері тәжірибе алмасып жатыр

  • 184
  • UPD: 20:51, 08.08.2018
Қазақстандық киокушинкай-кан шеберлері тәжірибе алмасып жатыр

Қазақстандық киокушинкай-кан шеберлері алдағы маусымға қызу дайындалып жатыр.

Астана іргесіндегі арнайы спорттық базаға еліміздің түкпір-түкпірінен жаттықтырушылар келіп, бірлескен оқу-жаттығу өткізе бастады. Бас-аяғы 40-тан аса шығыс жекпе-жегін жетік білетін маман бір апта бойы өзара тәжірибе алмасады. Біліктіліктерін жетілдіреді. Бағдарлама бойынша оқу-жаттығу күніне 2 мезгіл өтеді. Оның ішінде каратэнің қыр-сыры, балалармен жұмыс, алғашқы медициналық көмек және құжат айналымына қатысты ілімдер бар. Оқу-жаттығу жиындары 12 тамызға дейін жалғасады.

Бауыржан Мұқанов, оқу-жаттығу жиынына қатысушы:

Көп нәрсе үйреніп жатырмыз. Жаттықтырушыларымыз жақында ғана Болгариядағы дүниежүзілік оқу-жаттығуға қатысып қайтқан. Сол білімдердін бізге үйретіп жатыр. Барғаннан кейін осы үйренген нәрселерімізді оқушыларымызға үйретеміз.

Осы категория бойынша: « «Astana - Paris» велошерушілері Ресейге бет алды Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы