365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді

  • 441
  • UPD: 16:33, 10.08.2018
Арман Оспанов Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді

Арман Оспанов ресейлік Расул Мирзаевпен кездеседі.

Ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов ресейлік танымал спортшы Расул Мирзаевпен жекпе-жек өткізеді.

Бұл туралы ACB компаниясы өзінің инстаграм парақшасында мәлімдеді.

ACB 90 турнирі 10 қарашада Мәскеуде өтеді деп жоспарланған. 

2017 жылғы желтоқсанда 28 жастағы Оспанов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Алексей Полпудниковке жол берді. Биылғы жылдың мамыр айында Оспанов Ресейдің (25-10) файтері Акоп Степанянмен күресу керек болатын. Өкінішке орай, оның қарсыласы жекпе-жек басталмастан бір сағат бұрын алынып тасталды.

Осы жылдың сәуір айында Расул Алматыда өткен Fight Nights 86 турнирінде ADCC ережелеріне сәйкес қазақстандық файтер Ержан Естановпен кездесті. Бұл жекпе-жекте Мирзаев ұпай бойынша жеңімпаз атанды.

Айта кету керек, бұрын Мирзаев Естановпен екі рет кездесіп, екеуінде де ресейлік жеңіске жетті.

prosports.kz

Осы категория бойынша: « Қазақстандық киокушинкай-кан шеберлері тәжірибе алмасып жатыр Еуропа лигасы: «Қайрат» Чехияда «Сигмамен» кездеседі »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы