365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио олимпиадасында ұйымдастырушылар бетті танитын жүйе енгізбек

  • 159
  • UPD: 17:53, 09.08.2018
Токио олимпиадасында ұйымдастырушылар бетті танитын жүйе енгізбек

Токио олимпиадасы адамзат тарихындағы ең инновациялық жазғы ойындар болады.

Ұйымдастырушылар осы сенімнен шығу үшін алдағы байрақты бәсекеге бетті танитын жүйе енгізбек. Яғни жарысқа қатысатын спортшылардың, бас-қасында жүрген қызметкерлердің, ақпарат құралдары өкілдерінің және тағы бірқатар лауазымды тұлғалардың суреттері алдын ала базаға енгізіліп қояды. Кейін сол адамдар жақындағанда жүйе оны автоматты түрде танып, кіруге рұқсат береді. Бұл бастама Олимпиада және Паралимпиада ойындардағы қауіпсіздікті арттыруға үлкен үлес қосады деп үміттенеді мамандар. Жаңа жүйе әсіресе адамдардың бөтен аккредитацияны қолдануына мүмкіндік бермейді.  

Цуёси Ивасита, Токио олимпиадасының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры:

- Олимпиада сынында байрақты бәсекелерде жарыс өтетін жерлерге бөтен адамдар мен бөгде заттардың кіріп кетпеуі қатаң қадағаланады. Ал бетті танитын жүйе бұл жұмысты әлдеқайда жеңілдетеді деп ойлаймыз. Өйткені компьютер, күзетшілерге қарағанда, адамның бетін дәлірек таниды және қателесу ықтималдығы төмен. Қысқасы, бұл бастама алдағы жазғы ойындарда бізге керемет көмекші болмақ.

Осы категория бойынша: « «Қазақ батыры»: грэпплинг шеберлері өзара үздіктерді анықтайды Футболдан Перу құрамасының бас бапкері ауысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы